Экологиялық акциялар өтті
23 наурыз –Тазару күні. Бұл күні Батыс Қазақстан облысында сенбіліктер өтті.

Орал қаласында өткен сенбілікке қала тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, студенттер, жастар және экология белсенділері қатысты. Жиналғандардың жалпы саны 350-ден асты. Олар Шаған өзенінің жанын қураған ағаштардан тазартып, жол жиегіндегі қоқыстарды, ағаш сынықтарын жинады.
Экологиялық шараға Батыс Қазақстан облысының Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы сенбілікке қатысушыларға алғысын білдіріп, қала әкімдігімен жауапты мекемелерге қаланы тазарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурызнама онкүндігіне орай өңірімізде көптеген іс-шара өтті. Бүгін – Тазару күні. Соған байланысты сенбілікке шыққан жандарға алғысым шексіз. Шаған өзенінің екі жағында қураған, құлаған ағаштар көп. Тазарту жұмыстары ақпан айында басталып, құлауға жақын тұрған ағаштар кесілді. Қураған ағаштардан біз уақытылы құтылуымыз керек. Жалпы алғанда тиісті мекемелер шаһарымызды тазарту жұмыстарын күшейту қажет» – деді Нариман Төреғалиев.
Өз кезегінде сенбілік қатысушылары осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, шаһардың жайнай түсетінін айтуда.
«Облысымызда Наурызнама жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беруіміз қажет. Оларды тазалыққа үйрету керек. Сол бағытта ұйымдастырылған осы сенбіліктің пайдасы көп», – деді Орал қаласының тұрғыны Айгүл Мұратбекова.
Сондай-ақ, Тазару күні БҚО-ның барлық аудандары сенбілікке шығып, көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру