Балаларға базарлық берілді
Наурыздың 20-сы күні,«Салтанат» сарайының мейрамханасында «Наурыз көктем, жыр-думан» атты тақырыпта қала мектептеріндегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларындағы балаларға арналған ертеңгілік өтті.
Шараның шымылдығы «Салтанат» би ансамблінің бишілер тобының орындауындағы «Шашу» биімен ашылды. Бұдан соң Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова құттықтау сөз сөйледі.
– Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы, төгілмес тіршіліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жаңарудың бастауы. Наурыз мейрамы елімізге құт-береке әкелсін! Әз-Наурыз сіздерге оқуда толағай табыстар мен жетістіктерге толы жақсылықтарымен келсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң бақыт нұрын төксін!-деген жүрекжарды тілегімен бірге қала әкімі Миржан Сатқановтың атынан барлық оқушыларға тәттілер қоржынын табыстады.
Одан әрі Алдар көсе мен Қызғалдақ бейнесіндегі кейіпкерлер ортаға шығып, шараның шырайын келтірді. Ертеңгілікке келген балақайлармен ұлттық ойындар ойнап, Ұлық мерекеге орай викториналық сұрақтар қойып, барлық балалар белсенділік танытты.
Бұдан соң Алдар көсе ортаға Қазақстанның атын әлемге танытып, Дубай қаласында жүйрік атанған Кабирхан атты Тұлпарды шақырып, қатысушыларға таныстырды. Шарада домбыраның шанағынан күй ойнап, мың бұрала билеген бишілер барлығының көңілдерін серпілтіп, әуезді әнмен әрледі.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру