8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2024 3659 0
Қоғам

Соңғы 10 жылда еліміздегі ауыл саны 582-ге қысқарды

Соңғы 10 жылда елімізде ауылдар саны 582 бірлікке қысқарды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Бүгінгі таңда республикамызда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Жалпы еліміздегі халық санының 38,4 пайызын құрайды. Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі – 7,2, ал жұмыссыздық деңгейі – 4,7. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі – 33 пайыз немесе 1,2 млн адам. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6 838-ден 6 256 дейін, яғни 582 бірлікке қысқарды. Негізінен, ауыл санының қысқаруы, тұрғын саны 50 адамнан кем ауылдар жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізілуінен болады», – деді министр.

Оның атап өтуінше, министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді. Мәселен, 2023 жылы қамтамасыз ету деңгейі 64,3 пайызды құрады. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 тармаққа жоғары. Бұл ретте, объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілудің ең жоғары деңгейі Маңғыстау – 72,4, Атырау – 70 және Ақтөбе облыстарында 69,6 пайыз деңгейінде байқалады. Қамтамасыз етілу деңгейі төмен келесі облыстар: ШҚО – 58, Ұлытау – 57 және Абай – 55,4 пайыз.

«Сонымен қатар Өңірлік стандарттар көрсеткіштерін талдау нәтижелеріне сәйкес, қамтамасыз етудің жоғары және орташа деңгейі бар ауылдар санының артуы байқалады. Осылайша, қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар саны 1 296 бірлікті құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 169 бірлікке артты. Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен ауылдардың үлесі 1 676-дан 1 399 ауылға дейін азайды», – деді Нұрлан Байбазаров.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»