8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2024 4562 0
Қоғам

Министр Pinduoduo сайтының еліміздің сауда саласына ықпалы туралы пікір білдірді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Pinduoduo сияқты маркетплейстердің базар нарығына әсері туралы пікір білдірді.


«Қазір Pinduoduo-ны білмейтін қазақ жоқ шығар. Тіпті соның әсерінен базарда сауда саябырлап қалғанын айтушылар көп. Осы мәселені зерттеп көрдіңіздер ме? Базарлар қай жылдары жабыла бастауы мүмкін? Жабылатын болса, жұмыссыз қалатын адамдардың мәселесін қалай шешесіздер?» – деп сұрады БАҚ өкілі.

Министр Арман Шаққалиев сауданың базардан электронды алаңға ойысуын қадағалап отырғандарын айтты.

«Қазір электронды сауда дамыған сайын саудагерлердің көбі базардан кетіп жатыр. Біз жыл сайынғы тенденцияны бақылап отырмыз. Кейінгі 2-3 жылда бөлшек саудадағы электронды алыс-берістің үлесі 15 пайыздан астам деңгейде артып келеді. Біздің бөлшек сауда нарығында, 1,5 млн адам жұмыс істеп жүр деуге болады. Сіз айтып отырған тенденция осы күйінде жалғасса, жыл сайын базарда жұмыс істейтін адамдардың бестен бірі электронды қызметке ауысуы керек деген сөз. Осындай талдау арқылы есептесек, 2027 жылға қарай базардағы 700 мыңдай адамға электронды саудаға бейімделу керек. Олардың бәрі қарапайым саудагерлер ғой. Сондықтан біз қазірден бастап оларға электронды саудаға бейімделу керектігін айтып жүрміз», – деді министр.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»