8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2024 3249 0
Қалалықтар қаперіне

Әбігерге салған көктайғақ

Адамға келетін қауіптің бірі – көктайғақ. Көктайғақ кезінде көлік иелері де сақ болу қажет. Бұл кезде жаяу жүргіншілер үшін де жолда жүру қиындайды.


Өңірімізде 13 ақпан күні ауа-райының көктайғақ болуына байланысты тұрғындар да абайсызда мұзға құлап, жарақат алуда.

Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұзға тайып құлаған адамдардың травматологиялық пунктке  жүгінгендердің барлығы 137,  облыстық көпбейінді   ауруханаға 58 адам  түсіп, екі бала сынықпен ауруханаға жатқызылды.

Ал қалған 56  тұрғын  дене көгеруі бойынша облыстық көпбейінді ауруханаға барлығы 34,  дененің көгеруінен – 18, сынықтан – 15, оның  үшеуі ауруханаға жатқызылып,  31-і амбулаторлық емқабылдады.   Қалалық көпбейінді ауруханаға барлығы 45, сынықтан жетеуі ауруханаға жатқызылды, Амбулаторлық ем  алғандар саны – 38. Сағат 08.00-ден 10.00-ге дейінгі аралықта қалалық көпбейінді ауруханаға жеті адам түсті.

Оның ішінде үш науқасқа  білектің жабық сынуы, бір кеуде қуысының көгеруі, үш бастың жұмсақ тіндерінің көгеруі, күндізгі стационарға 2 адам, 7 адам ға амбулаторлық ем тағайындалды.Облыстық көпбейінді ауруханаға барлығы 11, көгеруден 9, сынық бойынша – 3 және 6 адам амбулаториялық емге жүгінді.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»