8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2024 11968 0
Дені сау ұлт

МӘМС жүйесін не күтіп тұр?

Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселенің бірі – МӘМС. Елімізде 2 миллионнан астам адам жүйеден тыс қалып отыр. Даудың басты тақырыбына айналған жүйе тоқтай ма? Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді. 

Оның сөзінше, МӘМС тоқтамайды, бірақ жетіле түседі. Ол МӘМС әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді жүйе екенін айтты.

«МӘМС-ке қатыспаған адамдар кепілдендірілген медициналық көмекті алып жатыр. Ал жалпы МӘМС-тің өзі бойынша біз жұмысты бастадық. МӘМС жүйесі жұмыс істейтін шетелдерде азаматтарды іздеп шақырып, көмек сұрайды. Бізде азаматтар емханаларды өздері іздеп жүреді. Осындай проблемалар бар», – деді ол.

Cондай-ақ вице-премьер МӘМС жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болып отырған бірнеше проблеманы атады.

«Мемлекет басшысы кепілдендірілген сақтандыру пакеттерінен бір пакет жасау керек екенін айтты. Оны қазір бастаймыз. Екіншіден, тарифті көтеру мәселесін де қарастырамыз. Үшінші мәселе азаматтардың қатысуы жөнінде. Қазір қатысуға мүмкіндігі бар, еңбек табысы бар азаматтарды тарту бойынша жергілікті жерлерде жұмыстар басталды. Мүмкіндігі жоқ азаматтарды жергілікті атқарушы органдармен бірге қарастырамыз.

Естеріңізде болса, мемлекет басшысы «дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қағазбастылықтан босатыңдар» деп айтқан. Бұрын әрбір мекеме 6 келісімшарт жасайтын еді, биылдан бастап оны бір мекеме бір келісімшарт жасайтындай еттік», – деді ол.

Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болса да әлі күнге дейін өзгеріс жоқ екенін айтқан еді.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»