8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2024 31570 0
Жалын

Ел болашағы үшін нық қадамдар жасалуы тиіс

Бүгін, қаңтардың 12-сі облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Әділетті Қазақстан: еңбекқор, отаншыл, адал жастар» атты тақырыпта жас мамандармен кездесті.


Басқосуда өңір басшысы Нариман Төреғалиев: – Бүгінгі шараның атауының өзінде үлкен мән бар. Мемлекеттің әлеуетін әуелетіп, ел экономикасының қарқынды дамуы үшін жастарымыз қайратты, ақылды, жігерлі болып қана қоймай, ел болашағы жолында бастамашыл, нық қадамдар жасауы тиіс. Соңғы екі жылда көптеген маңызды реформаларды іске асырып жатырмыз. Халықты қаладан ауылдық жерге көшіру пилоттық жобасын іске асыратын боламыз,-деді. Содан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен «Отбасы банк» өкілі Аида Бақытжанқызы меморандумға қол қойды. Бұдан соң мемлекеттік қызмет істер агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы туралы, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева «Жайық жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы туралы кеңінен түсіндірді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Бұл басқосу туралы «Жайық үні» газетінің №3 санынан толықтай оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»