8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қаңтар 2024 2615 0
Оқиға

Дәмханада газ жарылысы болды

4 қаңтарға қараған түні өрт сөндіру бөлімінің кезекшісінен С.Датов көшесінде орналасқан «RIZYQ» дәмханасында газ жарылысы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық бригадасы жарылыс салдарынан дәмхананың екі қабатты ғимаратына зақым келгенін хабарлады. Зардап шеккендер бар.

Апаттық бригада дәмханаға газ жеткізіп тұрған шкафты газ таратушы пунктіні (ШТП) газдан ажыратты. Бұл жекеменшік ШТП «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансында емес.

Оқиға орнына жақын тұрған бес қабатты үй зардап шеккен жоқ, ол басқа ШТП-дан газ алады. Дәмхананың от жағатын бөлігі бүлінбеген. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ баллоны себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан алты адам табылып, құтқарылды. Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»