8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2023 3422 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО басшысы оралдықтармен кездесті

Бұған дейін өңірдің барлық аудандарын аралап, халықпен жүздесіп қайтқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев кеше, 22 желтоқсан күні Орал қаласының тұрғындарымен арнайы кездесті.

Жастар Мәдениет сарайында өткен бұл басқосудың негізгі мақсаты – залда жиналған тұрғындардың мәселесіне билік тарапынан зер салу, оны шешу болатын. Жиынның 70-80 пайызы сұрақ-жауап форматында өтіп, Н.Төреғалиев көпшіліктің көкейдегі ой-пікірін асықпай тыңдап, жауап берді.

Жылдағы дәстүр бойынша өтіп келе жатқан бұл жиынды Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жүргізіп, 2023 жыл бойы атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндап берді. Оның ішінде
экономика, коммуналды желілерді жаңарту, жол, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту, абаттандырылған демалыс аймақтары, аулалар тазалығы, қоғамдық қызметті жалғастыру, әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер бар. Орал қаласының тыныс-тіршілігіне ден қойған облыс басшысы жоспар-жобаларды орындау мақсатында бірнеше мекемелерге нақты тапсырма берді.

Бұл жинылыс туралы толығырақ газетіміздің №52 санынан оқи аласыздар.

Өз тілшіміз

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»