8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Желтоқсан 2023 3823 0
Қалалықтар қаперіне

Профилактикалық іс-шаралар жүруде


Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында біздің азаматтарымыз корпоратив
тік кештер мен басқа да мерекелік шараларды жоспарлайды.

Осыған байланысты, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 15 қараша және 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Негізгі бағыттар ол – қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу, соның ішінде бұзақылық, вандализм, мүліктің бүлінуі және тағы да басқа азаматтардың тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер. Жасөспірімдерді түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында немесе тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмауын сұраймыз.

Басты назар жол қауіпсіздігінің қамтамасыз етуіне аударылады, сондықтан жүргізушілерден автокөліктерді мастық күйде басқармауды сұраймыз.

Елде мекеннен шықпастан бұрын ауа райын, көліктің техникалық жарамдылығын ескеру, көлікті сүйреу құралдары және алғашқы медициналық көмек көрсететін құралдарын бар-жоғын тексеру қажет.  

Шаршаған жағдайда және өзіңіздің денсаулығыңыздың нашарлағанын сезінсеңіз автокөлікті тоқтатып жақын елді-мекеннің маңайында немесе кемпингтің жанында демалып алу қажет.

Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы авариялық жағдайлар және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»