8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2023 3436 0
Қалалықтар қаперіне

Жаңа автобустардың кілті табысталды


Кеше Тәуелсіздік мерекесі күніне орай қалалық көлік тасымалдаушы кәсіпорындар желісін жаңа автобустармен толықтыру рәсімі болды.

Бұл шарада сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Сатқанов: – Орал қаласында жолаушылар көлігі 26 қалалық, 10 саяжай, 6 қала маңындағы бағыттар бойынша қатынайды. Қызмет көрсету үшін 250-ден астам қоғамдық көлік жүреді. Қалаішілік көлік тасымалы қызметінің сапасын арттыру, тұрғындардың жол жүруіне қолайлы болуы үшін «Батыс Қазақстан автобус паркі» серіктестігі Қазақстанда құрастырылған үлкен класты «Ютонг» маркілі 6,«Алый парус» тасымалдаушы кәсіпорны орта класты «Вектор Некст» маркілі 6 жаңа автобуспен толығуда. Бұлар № 2,3 бағытта жүретін көліктердің ескісінің орнына жаңамен ауыстырылады, – дей келіп, 12 көлік жүргізушілеріне жаңа автобустың кілтін табыстады.

Сондай-ақ «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС мен «Алый парус» ЖШС өкілдері жылы лебіздерін айтып, көлік жүргізушілеріне сәттілік тіледі.

Гүлжан Серікқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»