8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2023 2960 0
Бәрекелді!

Бес нәресте Қазақстанның 20 миллионыншы адамы атанды

нәресте

14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені хабарланды. 20 миллионыншы азаматтың туғандар мен қайтыс болғандар саны, Қазақстанға келгендер мен кеткендер сияқты демографиялық мәліметтерді ескере отырып анықталды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру бұл процесті жеделдетіп, 20 миллионыншы адамның туған күнін тез анықтауға мүмкіндік берді.

«Халықтың деректер базасының көрсеткіштері бойынша 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да 5 бала дүниеге келіп, халық санының 20 миллион болуына ықпал еткен. Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары Ұлытау мен Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың ішінде үшеуі ұл және екеуі қыз», – делінген хабарламада.

1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам еді. Тәуелсіздік жылдарында ел халқының саны 22,3 пайызға өсті.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
240 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
271 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
247 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»