8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2023 1733 0
Оқиға

Ұрланған автокөлік иесіне қайтарылды


10 қазан күні сағат 07:40 кезінде Орал қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Жамбыл көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің ауласына тұраққа қойылған «Ауди» маркілі автокөлікті белгісіз біреулердің айдап әкеткені туралы хабарлама түседі.

Көлік жүргізушісі – 1961 жылы туған Орал қаласының тұрғыны кешкісін жұмыстан кейін әдеттегідей көлігін өз ауласындағы автотұраққа қойғанын жеткізді.

Хабарлама түскен бойда аталған көлікті іздеп, ұстау үшін Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік қызмет жасағына бағдар беріліп, іске кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнынан онша қашық емес жерде автокөлікті байқап, тоқтатады. Мұндай қылмысқа барған қаскөйлер жасырынбақшы болған, алайда үлгермей, тез арада тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Автокөлікті ұрлағандар 2006, 2005 және 2003 жылы туған үш жас жігіт екені белгілі болды. Олар көліктің есігі құлыптанбағанын байқап ішіне жылыну үшін отырады, алайда тұтату кілтінің барын көріп, ойлары өзгереді. Десе де, көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түскен. Қазіргі уақытта автокөлік иесіне қайтарылып берілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігіне (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Орал қ. ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»