8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 4201 0
Қоғам

ӘКЕГЕ ҚҰРМЕТ

Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Сержан Мұқановты қабылдады.

– Қиындыққа мойымай, осындай жағдайға түссе де, отбасын тәрбиелеп отырған сіздей азаматтар қазір жоқтын қасы деуге болады. Біз өз тарапымыздан осы кезге дейін сізге және ұл-қыздарыңызға қолдау көрсетіп келеміз. Бүгін, осынау мереке алдында балаларымызға сыйлықтарымыз бар еді. Соларды табыс етуге сізді шақырып отырмыз. Жаңа жыл құтты болсын!, – деді Мұрат Мұқаев.
Барша көмек көрсеткен жандарға Сержан Мұқанов алғысын білдірді.
– Сізге және көмек көрсетіп келген жандарға алғысым шексіз. Қазір жағдайымыз жақсы. Биыл үлкен қызым грантқа оқуға түсті. Жұмысым бар. Жаңа жыл алдында құттықтап, елеп шақырғаныңызға рақмет айтамын, – деді 48 жасар әке.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 жыл бұрын БАҚ беттерінде бес баланы тәрбиелеп отырған Сержан Мұқанов туралы айтылған болатын. Сол кезден бері қалалық әкімдіктің жіті назарында болған Сержан Мұқановтың отбасына көмек көрсетіліп келді.

Жаңа жыл мерекесі қарсанында шаһар басшысы көпбалалы отағасына мерекелік сыйлықтар беріп, қысқы жылы киімдер сыйлады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»