8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2023 1578 0
Ғылым

«Қала тарихы: Жайықтан Оралға дейін»

     

 Бүгін, қыркүйектің 6-сы күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының  ұйымдастыруымен «Қала тарихы: Жайықтан Оралға дейін» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды.

Шараны М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы,  ғылым докторы Жаңабек Жақсығалиев ашып, жүргізді.  Басқосуға арнайы қатысқан Орал  қаласының әкімі Миржан Сатқанов шаһардың тарихы жөнінде қысқаша тоқталды.

Конференцияның мақсаты – Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны жалғастырушы, қалыптасу тарихы  Жайық қалашығынан бастау алатын Орал қаласы туралы болды. Басқосуда БҚУ-дың  профессоры, доктор Мұрат Сыдықов, тарихшы  Жақсылық  Жақсығалиев, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің оқытушысы Райса Абдрахманова, облыстық тарихи  – мәдени  мұраларын қорғау жөніндегі инспекциясының  мемлекеттік қызметкері Әлия Сағынова баяндама жасады. Конференцияға қатысқан қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері көне қаланың тарихы туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
251 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
283 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
260 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
296 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»