8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2023 2551 0
Қалалықтар қаперіне

«Дропперлік» қызмет көрсеткен жігіт ұсталды


Батыс Қазақстан облысы ПД «Киберпол» полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2005 жылы туған «М» есімді «дропперді» анықтап, қолға түсірді. Әлеуметтік желідегі «Telegram» қосымшасы арқылы жұмысқа тұрған ол қызметінің адам алдаумен байланысты екенін біле тұра, алданған адамдардың ақшаларын алаяқтарға жіберіп отырған.

3 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз тұлға жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешуге көмектесемін деген желеумен түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, 1948 жылы туған зейнеткердің қаражатын қалталарына салып алған. Айта кету керек, алаяқтар курьердің көмегімен 3500 еуро мен 3500 доллар көлеміндегі ақшаны иемденсе, кейін қайта телефон соғып, қосымша 8 миллион теңге талап еткен.

Екінші жағдайда, «дропперлер» алаяқтарға Орал қаласының 1943 жылы туған тұрғынына тиесілі 4000 АҚШ доллары мен 68000 рубль ақшасын берген. Бұл жағдайда да алаяқтар туыстарын жауапкершілікке тартпау мәселесін шешу үшін ақша талап еткен. Қоңырау шалғандар «шабарман» жіберетіндерін, ешқайда барудың қажеті жоқ екенін айтады. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»