8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2023 1186 0
Құттықтаймыз!

Жасампаз кәсіп иелерін марапаттады


Бүгін, тамыздың 10-ы күні Орал қаласы әкімдігінің үлкен залында Құрлысшылар күні мерекесіне орай салтанатты жиын болды. Жиында қала әкімі Миржан Сатқанов сөз сөйледі.

– Құрметті құрылыс саласының мамандары,майталмандары! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Құрылыс саласы – ел экономикасының іргетасы. Қаламызда соңғы жылдары жүзге жуық тұрғын үйлер, 30- ға жуық мектептер, 26 балабақша, жеке инвестициялар салынды. Сондай –ақ 500 шақырымдық жол салуда да үлестеріңіз зор. Орал қаласының дамуында еңбектеріңіз ерекше орын алады.Сіздердің алақандарыңызбен мықты, зәулім ғимараттар бой көтеріп, салына берсін,-деді Миржан Мұнайдарұлы.

Бұдан кейін ауқымды саланы алға жылжытуда еңбегі ерен сала мамандарын Алғыс хатпен марапаттады. Атап айтқанда,«Болашақ-Т» ЖШС директорының орынбасары Медет Уалиев, «Жайық Сити» ЖШС директоры Мереке Молдағалиев, «Profline» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Қайнекешов, «Альтаир СК-7» ЖШС жоба бастығы Аманжан Куспанов, «Инжсервис плюс» ЖШС директоры Дидар Елемесов, «Тоби» ЖШС механизаторы Ринат Сүлейменов, «Орал жолдары» акционерлік қоғамының учаске бастығы Хакимзада Гайтпаев, «ДСК Приоритет» ЖШС жұмысшысы Денис Прыгунов, «Уральский Каздорпроект» ЖШС директорының орынбасары Раиса Ахмедшина, «Жайық жарығы» ЖШС электригі Мақсат Серіков, «Адал арна» ЖШС-ның экскаватор погрузчик операторы Жүсіпбек Панов зор қошеметке ие болды. Жиынның соңы мерекелік концертке ұласып, қатысушылардың көңілдерін серпілтті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
270 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
285 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»