Ел бойынша 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетіледі
Республика бойынша 100-ден аса бала жасы келсе де мектепке бармаған. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселе бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір жаңа оқу жылына дайындық қызды.
Биыл республика бойынша оқушылар саны 3,5 миллионнан асады. 1-сыныпқа 380 мың бүлдіршін қабылданды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 450 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілмек. Биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге.
Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендердің балаларына да қаржылай көмек көрсетіледі. Айталық, Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың балаларына 500 мың теңге көлемінде материалдық жәрдем берілді.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары: – Өңірлерде әкімдіктер «Атамекен» ҰКП бірлесіп, мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыруда. Онда жеңілдетілген бағамен мектеп киімдері, кеңсе тауарлары сатылады. Аталған жұмыстар барлық облыстарда тамыз айының соңына дейін жүргізілетін болады.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу