8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2023 1898 0
Қалалықтар қаперіне

33 жастағы ер азамат шетел мемлекетінде өз бүйрегін сатпақ болған

Ол отаны Кения Республикасында жасату бойынша  мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің  үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.

Анықтау барысында 1990 жылғы «А» есімді Орал қаласының тұрғыны, отбасылы, вахтада жұмыс істейді. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігінен өзінің бүйрегін сатпақ болған.

Ағымдағы жылдың мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған «бүйрек» органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған телеграмм желісіндегі арна арқылы  сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 000 АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен. 2 ай бойы 1990 жылғы «А» есімді азамат медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін телеграмдағы арна арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері «А» есімді азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін  азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 116 бабы 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кету керек, Қазақстанда органдарды сатуға тыйым салынады және трансплантациялау жасаудың жалғыз жолы – оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»