8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2023 15048 0
Жалын

Жұмыс берушілер колледж қабырғасында

 

Бүгін, 19 мамыр күні Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Жұмыс берушілер күніне орай кәсіпорын әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өтті.

 

«Сервер+» , «TORUS.KZ», «TRISTAR» компаниясы, «Altyn Car» ЖШС, «Арба» қоғамдық бірлестігі, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету» аумақтық орталығының қызметкерлері өз жұмыстары мен қызметшілерге қойылатын талаптармен таныстырды.

 

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Елдос Сафуллин қонақтарды қарсы алып, колледждегі Мехатроника, Жүйелік әкімшелендіру кабинеттері мен зертханаларына экскурсия жасады. – Биылғы оқу жылында 2 мамандық, 5 біліктілік бойынша 163 түлек бітіреді деп отырмыз. Қазіргі уақытта 35 әлеуметтік серіктестік келісімшартта отырмыз, – деді колледж директоры Елдос Сафуллин.

 

Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, білікті мамандардан кеңес алды.

 

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
240 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
271 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
247 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»