8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2023 3188 0
Қалалықтар қаперіне

Сүт алғанда абай болыңыз!


Облыс аумағына Ресей және Беларуссия елдерінен импортталған сүт өнімі заңсыз келген. Бұл фактіні БҚО сауда департаментінің мамандары мәлімдеді. Сүт өнімдері қаламыздағы ірі сауда орындары мен базарларда сатылып жатыр. Ел аумағына қалай өткені белгісіз.

Өнімнің қорапшасында мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген. Олар: Беларуссияда өндірілген «Минск маркасы» 3,2% ультра пастереленген сүті және осы елдің «STOP цена» 3,2% сүт өнімі. Бұдан бөлек Ресейдің Пятигорский сүт комбинатының өнімі «Мое любимое лето» 3, 2% сүті. Аталмыш өнімдерінің тағамдық құрамы лабораторияда тексеріліп, құнарлылығы бірқатар параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталған. Бұл жыл басынан бері тіркеліп отырған алғашқы жағдай.

«Ауру астан» демекші, әсересе сүт тағамдарын балалар тұтынатындықтан, қауіпті болуы ықтимал. Сол себепті сауда департаменті мамандарының уәкілеттілігімен бұл тауарлар дүкен сөрелерінен алынып тасталуы мүмкін. Сүт өнімдеріне деген тұрғындар сұранысын қанағаттандыру мақсатында өңіріміздің Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Теректі, Тасқала аудандары мен Орал қаласы маңында сүт фермалары ашылуда. «Сүт белдеуін дамыту» тұжырымдамасы аясында жоғарыда аталған аудандарда 2025 жылға дейін 166,1 мың тонна сүт өндіру жоспарланған. Ал бұл үдеден шығу үшін өңірімізде бірқатар ірі кешен іске қосылады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»