8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2023 2491 0
Ғылым

Жекеменшік оқу орындары министр назарында!

Бүгін, сәуірдің  28-і күні Орал қаласындағы  «Атамекен» өнер ордасында  «Жеке жоғары оқу орындарының өңірлік даму бағыттарын іске асыруға одан әрі интеграциялануының жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының көшпелі отырысы өтті.

Басқосуды ҚР Жоғары жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов ашып жүргізді. Жиынға  облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.Облыс басшысы Нариман  Төреғалиев  өз сөзінде: – Қазіргі таңда жоғары инновациялық жеке оқу орындарының алатын орны  ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолға алған бастамасымен алдағы уақытқа бірнеше   міндеттер қойып отыр. Бұл өзгерістердің барлығы жастардың жарқын болашағы үшін жасалуда. Бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарының   стратегиялық ауқымы кең.  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  де алатын орны ерекше,- деді облыс басшысы Нариман Төреғалиев.

Бұдан соң  ҚР Ғылым және жоғары  білім министрі Саясат Нұрбек жеке оқу орындарына  арналған алты негізгі құжатқа кеңінен тоқталып, ғылым, білім концепциясының басым бағыттары туралы айрықша атап өтті.  Басқосуда  қазіргі кезеңдегі ғылым мен білім беруді, Қазақстанның жеке жоғары оқу орындарын дамытудың мәселелері туралы ғалымдар мен ректорлар   баяндамаларында талқылап, өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру үшін кадрлар даярлау, жетістіктер  мен қиындықтар жайында қатысушылар тарапынан  пікірлер айтылды.

Жиыннан кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Бекболат Шәкешевті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяховты, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры Әділбек Тұрдалиевті, Қазақ-орыс Халыралық университетінің ректоры Сергей Сулиманы жеке қабылдап, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайында ой өрбітті.

Министрді ресми сапары ертеңде өз жалғасын тауып, шаһардағы оқу орындарын аралайды деп күтілуде.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА.

Р.Халеловтің суреттері.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»