8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2023 3206 0
Қалалықтар қаперіне

Құрметті Оқырман қауым!

Күні кеше бәріңіз құлағдар болғандай, осы аптада қоқыс жәшігінен табылған бейкүнә шарананың тағдыры жұртшылықтың төбе шашын тік тұрғызған еді! 😡😡😡

Біздің «Жайық үні» газеті дереу БҚО Полиция департаментінен нақты ақпарат алып, облыстық балалар ауруханасының мамандарымен тілдесіп, шақалақтың жағдайын сұрап білді. Бүгінгі таңда дәрігерлер Құдайберген деп есімін қойған сәби дін аман. 👏👏👏

Айтпағымыз, осы жантүршігерлік оқиға туралы Нейля Сейлханова, Ұзақбай Жақсылықов, Гүлшат Өміралиева сынды қала тұрғындары пікір жазып, осы келеңсіздікке, жазықсыз сәбидің болашағына алаңдаушылық білдірді. Сұмдық оқиғаға бей-жай қарай алмаған осынау оқырмандарға алғысымызды білдіреміз. 🙏🙏🙏

Әрине, бұл мәселеге нүкте қою әлі ерте! Өз баласын өзектен тепкен ана мен жауапсыз әкеге қатысты, жалпы қоғамда белең алып бара жатқан мұндай сорақылыққа Сіздер қандай пікір қосар едіңіз, оқырман қауым!

«Жайық үні» редакциясы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»