АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН ЕЛДОС
Елдос Иман-Мәліков студенттер күнін асыға күтетіндердің бірі. Ол бұл күнді достарымен бірге айрықша атап өтеді. «Студенттік өмір кімге болса да қымбат екенін бәрі біледі. Сондықтан қайталанбас осы бір ғажап шақта барлық студенттерге ұмытылмас әсерлі, шуақты сәттер тілеймін», – дейді ол. Бүгінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің «Экономика және менеджмент» факультетінің 2-курс студенті Елдос Иман-Мәліковтің алға қойған нақты мақсаты бар. Жас та болса танымал болып үлгерген бозбала өз еңбегінің нәтижесінде маусым айында «KazEcoProducts» жеке жауапкершілік серіктестігін құрып, қараша айында биогумус тыңайтқыштарын өңір нарығына шығаруды жоспарлап жүр.

Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылының тумасы Елдос жастайынан қаржыгер болуды армандапты. – 9 сыныпта жүргенде алғаш рет аудандық «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес жобалары» байқауына қатысып, үшінші орын алдым. Келесі жылы дәл осы байқауға қайта қатысып бірінші орын алып, облыстық байқауға жолдама алдым. Облыстық деңгейдегі байқаудан да үздік шығып, республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік алғаныммен, белгілі себептермен байқау өтпей қалды. Бірақ болашақта арманымның жүзеге асарына іштей сенімді болдым, - дейді Елдос. 2017 жылы орта мектепті бітірген бозбала ойланбастан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне қаржыгер мамандығына оқуға түседі. Университеттің 1 курсында оқып жүргеннен-ақ «Шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Youth business week» әлеуметтік және бизнес жобада бақ сынап, 100 мың теңгелік сертификатты ұтып алады. – Бұл жеңісім алға қарай ұмтылуыма, тың идеялар тудыруға септігін тигізді. Бұдан соң «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бизнес-кеңесші оқу курсынан өттім. «Жас кәсіпкер» онкүндік курсына қатыстым. Сөйтіп кәсіпкерліктің алғашқы баспалдақтарын меңгере бастадым, - дейді Елдос Жаулыбайұлы.
Университетте мамандарды дайындау үшін базалық жақсы жағдай жасалған, жаңа деңгейдегі құрал-жабдықтармен қамтылған, IT технологиясы мүмкіндігі негізінде құрылған Хайтекті, роботтехника лабораториялары, желден энергия алудың ашық алаңын, күн энергиясын пайдалану арқылы іске асқан гелиоэлектромобиль жобасын, баламалы энергияны өндіріске, тұрмысқа пайдаланудың лабораториясы бар. Университет оқытушылары студенттермен бірге күн сәулесінен қуат алып жүретін жеңіл автокөлік ойлап шығарды. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша лаборатория базасы толығып, Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация, байланыс мекемелерінде практика өткізу жүйелі қолға алынды. Осы берілген жүйелі білім, нақты практикалық жұмыстар нәтижесінде Елдос Иман-Мәліковке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған аймақтық «Идеялар жәрмеңкесі» атты жобаға қатысуға мүмкіндік туды. Осылайша бойдағы қабілетін сынап көрмек болған еңбекқор жас аталмыш байқауда «Органаминералды тыңайтқыштар мен биотопырақ өндірісі» тақырыбындағы жобасымен бірінші орынды иеленіп, 1,5 млн. теңгенің грантын ұтып алады. Нәтижесінде өз «KazEcoProducts» жеке жауапкершілік серіктестігін құрып, биогумус тыңайтқыштарын шығаруды қолға алды. Осы бағытта компания жұмысын өрістету үшін Астана қаласына үш күндік арнайы курсқа барып, Канада, Ұлыбритания мемлекеттері мамандарының озық тәжірибесін алмасады. Сондай-ақ Атырау қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Іскерлік байланыс» оқу семинарына барып қайтқан. Қазіргі таңда бағдарламаның екінші деңгейі бойынша іріктеу өтіп жатқан көрінеді. Іріктеуден өткен 50 үміткер мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатқа германия мемлекетіне 23 күнге тәжірибе алмасуға жіберіледі. Алғыр жас осы мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді. Сол себепті барын салып дайындалып жүр.
Отбасында үш баланың ортаншысы және әжесінің тәрбиесінде болған соң ол үнемі өзгелерге қамқорлық жасап жүреді. Достарына да адал. Әкесі Жаулыбай Хабиев ауылдағы мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, ал анасы Нұргүл үй шаруашылығымен айналысады. Әжесі Валентина Оразақаева 20 жылдан бері бау-бақша егіп, оның күтіміне ерекше мән береді екен. Кішкентайынан әжесінің қасында жүрген Елдос бау-бақшаны өсіруге қызығушылық танытып, тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементтерді көңілге тоқып жүретін. «Міне, әжемнің тәрбиесі немересінің өмірден өз орнын табуына үлкен септігін тигізді. Студенттік шақ керемет қой! Қазір бізге барлық жағдай жасалып жатыр. Өнерлі, талантты жастарға мүмкіндік мол. Сол үшін жастарға үнемі қамқорлық көрсетіп жүретін Елбасына, облыс басшысына айтар алғысымыз зор, – дейді кәсіпкер студент. Болашағын студент шағынан бастап қалыптастырған дарынды жас болашақта ел дамуына өз үлесін қосқысы келеді.
Әңгіме барысында Елдос студенттік шақтың адам өмірінде ең бір қызықты, айрықша орын алатын кезең екенін жеткізді. Оның айтуынша, студенттік кезде жастар тек білім алуға ғана емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге, өздігінен шешім қабылдауға үйренеді. Жылына бір рет атап өтілетін Халықаралық студенттер күні — мен үшін ерекше мереке. Сондықтан барлық оралдық студенттерді мейрамдарымен құттықтаймын, – дейді ол.
Айта кету керек, Елдос Иман-Мәліковті түрлі жобаларға дайындап, белсенді жастың бар мүмкіндігін ерінбей, талмай пайдалануына жоба жетекшісі Ардақ Қазиева мен «Экономика және менеджмент» факультетінің деканы Сәлімжан Искаковтың үлесі зор.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу