8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2023 1878 0
Қоғам

8 Наурыз мерекесімен құттықтады

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қала әкімі Миржан  Сатқанов әр түрлі саладағы еңбек ардагерлері мен еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді көктем мейрамымен құттықтады.

– Әйел, ана ұғымы – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен қайнары. Сіздердің арқаларыңызда отбасы ұғымы, мызғымас құндылық болып қала береді. Үй шаруасы мен кәсіби қызметті үйлестіре отырып, әлемді мейірімді ететін – өздеріңіз. Жүздері күннің шуағындай жылы, тұла бойына сұлулықпен қатар іскерлік тұнған өзіңіздей жандар бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, сүйікті шаһарымыз Орал қаласының дамуына  өзіндік үлестерін қосуда. Сіздерді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызда ырыс, баянды бақыт және сүйіспеншілік шуағын тілеймін, – деп шарада құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы  жүрекжарды тілегін  арнады.

Бұдан кейін Орал қаласының құрметті азаматы Роза Лукьянова, жұбантанушы, білім саласының еңбек ардагері Үзілдік Елеубаева, еңбек ардагері Людмила Иванова, көпбейінді аурухананың акушеркасы Лунара Ерғалиева, спортшы Мария Сергеевна,  «Алтын алқа» алқасының иегері, көпбалалы ана Астра Ғабдешова, №26 ЖОББМ-нің бастауыш сыныптағы қазақ тілі мұғалімі Ирина Суетина, дәстүрмейкер, блогер, кәсіпкер  Арна  Досполаева   құттықтауларын жеткізді. Жиын соңында көркемөнерпаздар әннен шашу шашып, қатысушылардың көңілдерін серпілтті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»