8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2018 2988 0
Жалын

ӘЛЕМДІК БЕСТСЕЛЛЕР – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы барлық қазақстандық қоғамды рухани жаңғыру жолында біріктіретін стратегиялық бағдарға айналды. Осы мақалада қойылған негізгі міндеттердің бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы болып табылады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» институты мен ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхана қорына жаңадан қосылған 2 кітаптың таныстыру конференциясы өтті. Бұлар – Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы мен Ювал Ноаһ Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» кітаптары.

Конференцияны «Рухани жаңғыру» институтының директоры Тұрар Шайхиев бастап, оқытушылар мен студенттердің кітаптар туралы баяндамаларымен, студенттердің пікірлерімен жалғасты.

– Жоба аясында ғылыми кітапханаға жарық көрген 18 оқулықтың 17-сі бірнеше данадан келді. Барлығы 1504 кітап жеткізілді. Желтоқсан айында тағы 2 оқулықтың 60 данасы түсті, – дейді ғылыми кітапхана директоры Тоты Әлімбекерова.

«Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы 13 мәрте жаңартылып 40 тілге аударылған. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленген. Осындай туындылардың біздің төл тілімізде қолға тиуінің өзі бақыт.

Назерке ҚАЛЕНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
101 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
348 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»