8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Ақпан 2023 3127 0
Қалалықтар қаперіне

Батыс Қазақстан облысына жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының, Орал орталық мешітінің бас имамы болып Самат Қанатқалиұлы Алибаев тағайындалды. Қызметке жаңадан тағайындалған облыс имамын ҚМДБ-ның Діни оқу- ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы ресми түрде таныстырды.

Батыс Қазақстан облысының бас имамы ретінде екі жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Бақытжан қажы Құралбайұлының иығына құрметпен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Самат Алибаев 2008-2011 жж. Орал медресесін «Исламтану» мамандығын үздік бітірген. 2015-2019 жж. Алматы қаласы, «Шет тілдері және іскерлік карьера» университетінде «Дінтану» мамандығын үздік бітірген. 2019-2021 жылдан Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша магистр ғылыми дәрежесін алған.

ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2011 жылдың 30 қырқүйегіндегі 685 бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орал облыстық орталық мешітінің найб имамы ретінде тағайындалған. ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі қызметін қоса атқарған. Орыс, түрік және араб тілдерін жетік меңгерген. Үйленген, екі ұлы мен екі қызы бар. 2011-жылдан бастап осы уақытқа дейін Орал орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»