8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2022 2062 0
Қалалықтар қаперіне

«Халық-Life» өкілдерін қабылдады

Бүгін, Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов «Халық-Life» АҚ-ның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова мен орынбасары Андрей Жексембаевты және Орал қаласындағы филиалдың директоры Андрей Талалаевты қабылдады.
Шаhар басшысымен кездесудің мақсатын түсіндірген аталмыш акционерлік қоғамның Басқарма төрайымы Жанар Әділбекқызы сақтандыру компаниясының міндеттері мен талаптарына тоқталып өтті.
– Қазіргі таңда аталмыш Компания қаржылық көрсеткіштері бойынша сақтандыру нарығының Үздік үштігіне кірді. Сондықтан да сақтандыру сыйақылары бойынша үлесі артып келеді. Заңды тұлғаларға арналған сақтандыру өнімдерін атап өтейін. Олар, міндетті сақтандыру, өмірді шұғыл сақтандыру, сақтандырудың жинақтау бағдарламасы, ерікті аннуитетті сақтандыру. Сақтандыру өтелімдері: қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылуы, кәсіптік ауру, қызметкердің қайтыс болуы. Сақтандыру қорғанысының аумағы мен қолданылу уақыты. Компанияның аумағы немесе жұмыс уақыты ішіндегі, сондай-ақ жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттер жасалған кездегі өзге жұмыс орны. Сондай-ақ , қызметкердің кез – келген себеппен қайтыс болуы (ауру немес жазатайым оқиға нәтижесінде), жазатайым оқиға нәтижесінде 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектіктің анықталуы, ауыр сырқат. Қызметкердің кез – келген себеппен қайтыс болуы сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі. Яғни, сақтандырылушының әрбір аннуитеттік төлем күніне дейін өмір сүруі.
Негізгі артықшылықтары: жұмыс берушінің қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі, қызметкер мен оның отбасының мүліктік мүдделерін қорғау, заңнаманы сақтау, сақтандыру төлемінің кепілдігі.
Сонымен қатар «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасы. Мұнда 3,52 пайызға дейін валютадағы жинақтар бойынша кірістілік. Сақтандыру төлемдері салық салуға жатпайды. Бір сөзбен айтқанда, өмірді бағалайтындар үшін – ең маңызды компания, – деді Банк төрайымы.
Басқосуда қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы жолаушылар тасымалдайтын көліктер мен кәсіпкерлік саласында түрлі оқыс жағдайлар болып жататынын, осы саланы сақтандырудың пайдасын бар-жоғын сұрады.
-Сауалыңыз өте орынды. Еліміздің әрбір азаматы өз өмірін сақтауға, қауіп-қатерден туындаған жағдайда сенімді болуы керек. Нақтырақ айтсақ, бұл тұрғыдан алғанда компаниямыздың маңыздылығы өте зор,- деп жауап берді Жанар Әділбекқызы.
Жиын соңында аталмыш компанияның Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Заманбекұлы, Орал қаласындағы филиалдың директоры Андрей Викторұлы аталмыш компанияның мақсаты, пайдасы жайында ойларын ортаға салды.

Гүлайхан Траисова

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»