8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2022 1335 0
Оқиға

Орал қаласы құрылыс бөлімінің экс басшысы 11 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Орал қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Өксікбаевқа қатысты үкім оқылды. Ол ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс жасау құқығынан айрылды. Сондай-ақ оның сыбайласы, «Сырласу» ЖШС жүргізушісі Александр Нағметов ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі – 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес 8 жылға сотталды.Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша А.Өксікбаев кәсіпкерден алдын ала келісілген 170 млн теңгенің 134 млн теңгесін пара ретінде алған деген айып тағылған болатын.
А.Өксікбаев 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін Александр Нағметовтың сыбайластығы арқылы ЖШС директоры «Ш»-дан пандемия кезеңінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткен. Сондай-ақ Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгенің 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойған.А.Өксікбаев кінәсін мойындамаған.Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, әңгімелерінің стенограммаларымен, тінту хаттамаларымен, оқиға орнын қараумен, сот сараптамалары қорытындыларымен толықтай дәлелденді.Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»