8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2018 2230 0
Қоғам

«THE BEST FOR YOU»

Осындай атаумен А.Островский атындағы драма театрында «TALANT.SHABYT.TALAP» форумының аясында қайырымдылық көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

     

Театр фойесінде қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерінің  қолынан шыққан сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы және бейнелеу өнері бұйымдарынан қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында 100-ге жуық туындылар ұсынылып, 98 000 теңге қаражат түсті.

Жәрмеңкеден соң қосымша білім беру саласының 100 жылдығына арналған мерекелік салтанатты концерті өтті. Кеш шымылдығы Орал қаласы білім мекемелерінің вокал топтары мен хореографиялық ұжымдарынан құралған сазды-хореографиялық қойылыммен басталып, атақты термешілердің орындауында ақын Талап Таймасұлының сөзіне жазылған қосымша білім беру педагогтеріне арнаған арнауымен жалғасын тапты. Салтанатты шараға қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова ғасырлық тарихы бар қосымша білім саласының қызметкерлерін мейраммен құттықтап, облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен білім басқармасының атынан бірқатар қызметкерлерді құрмет грамоталарымен марапаттады.

Сонымен қатар «The Best for you»  қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатты ерекше қамқорлықты қажет ететін №4 ЖББОМ оқушысы Тұрарбек Маратқа табыстады.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

    

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
270 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
297 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
274 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
312 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»