МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
5-7 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысы аумағында «Мал ұрлығы» республикалық алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – мал ұрлығының алдын алу және бұған дейінгі мал ұрлығы қылмыстарын ашу.

Жедел алдын алу шарасы барысында БҚО ПБ аумақтық бөлімшелері 40-қа жуық фактіні ашты. Оның 17-сі кезекшілік уақытында анықталып, ашылды.
Сондай-ақ Полиция басқармасының жедел бөлімшелері қызметкерлері мен Қаратөбе ауданы полиция бөлімшесінің жедел іздестіру шаралары арқылы 2015 жылдан бері мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Осы уақыт ішінде олар 100 бас ірі қара мен жылқы ұрлаған. Сот күдіктілерге қатысты «қарауылмен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін 20 эпизод бойынша ҚК 188 бабы 3 тармағымен БҚО ПБ тергеу басқармасы жүргізуде.
– Малды ұрылардан қорғау үшін күнделікті жайылымын бақылауда ұстау керек. Балама ретінде GPS құрылғысын пайдалану арқылы малдың қозғалысын бақылап отыру ұсынылады. Толық ақпарат алу үшін ІІО-дарына жолығуға болады, – деді БҚО ПБ қылмыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Арыстанов.
БҚО Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жоғалған кезде дереу полицейлерге хабараласу қажеттігін ескертеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу