Сайранбек жүрегімізде сақталады!
Киелі Ақжайық елінің біртуар азаматы, ғалым, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, қоғамға және білім мен ғылым саласына аларынан берері көп, өмірі өнегемен өрілген техника ғылымдарының докторы, профессор Сайранбек Мақсотұлы Ахметов мезгілсіз өмірден өтті.
Жүйткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өткен ғұмыр –ай. Қайнаған күйбің тіршіліктің, әсіресе өлімді ойлауға уақыт жетпейтін сәттерде, жайсыз оқиғалар еріксіз уақытты тоқтатып, мойындатады. О бастан өлмек айқын. Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ, бірақ та бәріде өз орынымен болса екен ғой деп өкінеміз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік ғылым академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ғалымдары, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің оқытушы-профессор құрамы мен студенттері, магистранттары атынан марқұмның отбасына, ағайын – туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Абай атамыз «адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады», – дегендей, замандастарынан оза шауып, адал еңбектің нәтижесінде биік мақсаттарға қол жеткізген Сайранбек Мақсотұлы танымал ғалым, білікті ұстаз және таланты басшы бола білді. Ол 1965 жылы наурыздың 11 жұлдызында Астрахан қаласы Астрахан облысының қызметкер отбасында дүниенің есігін ашты. 1982 жылы Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Котяевка ауылының Н.К. Крупская атындағы орта мектебін бітірді. Орал қаласы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының механика факультетінің күндізгі бөлімінің 1-ші курс студенті атанды.
1983-1985 жылдары Донецк облысы Коммунарск қаласы Киев әскери округі №143 мотоатқыштар полкінде әсери борышын өтеді. Кейін Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты механика факультетінің күндізгі бөлімінде оқуын жалғастырды.
Ғылымдағы еңбек жолын 1989 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының теориялық механика кафедрасында көмекші-оқытушы, Атырау мұнай және газ институтының теориялық механика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, инженер-механикалық факультетінің деканы, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс бойынша проректоры лауазымында аброймен қызмет жасады.
1993 жылы Саратов қаласы М.И. Калинин атындағы ауылшаруашылығын механикаландыру институтында К.120.20.01 мамандандырылған кеңестің ауылшаруашылық өнімдерін механикаландыру, 05.02.01. – техника ғылымдары мамандығы бойынша ғылыми атақты алу үшін диссертация қорғады.
Қазақ ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ғылыми-зерттеу институты жанында Д 53.09.03 диссертациялық кеңесінде 05.02.18 механизм және машиналар теориясы және 05.20.01 – ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жиналысында 2002 ж. 27 шілдедегі № 23 шешімімен ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі болып сайланды.
2005 жылы «МГҰ бұрғылау – пайдалы қазбаларды шығару» мамандығы бойынша ҚР БҒМ білім және ғылым саласында аттестациялау және бақылау комитетінде профессор ғылыми атағы берілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының 2006 ж. 27 қаңтардағы № 27 шешімімен академик болып сайланды.
Ұстаз ұлағатты есім. Ол шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар береді. Осындай жанның бірі – Сайранбек Мақсотұлы. Жақсы адамның ісі қашанда елге ұлағат, ұрпаққа өнеге. Ол өмір жолында кездескен адамның талабын ұштай білетін, рух беретін, бағыт сілтейтін нағыз патриот тұлға болып қалыптасты. Оған Батыс Қазақстан өңіріндегі ғалымның басшылығымен магистрлік, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған шәкірттері, ізбасарлары дәлел бола алады.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңесшісі, ал кейін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқу-әдістемелік және инновация жұмысы бойынша проректор, ректоры қызметтерін атқарды.
«КазИИТУ» ғылыми-білім кешені мен Ресей мемлекеттерінің танымал ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамыта отырып, маңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдас- тырды, ғылыми жобаларды жүзеге асырды.
Сайранбек Мақсотұлы – үнемі жаңашылдыққа ұмтылып жүретін сөздің адамы емес, істің адамы. Сонымен бірге елдің қамын ойлаған көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл, ұлтжанды азамат болды. Білім ордасында ана тілімізді қолданысқа еңгізуде зор еңбек етті, ғылыми жиындар мен отырыстарды мемлекеттік тілде өткізді.
Ғылым мен білім және жастарға тәлім-тәрбие берудегі еңбектері үшін «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» (2005ж.), республикадағы инженерлік істі дамытуда жеткен жетістіктері үшін «ҚР инженерлік ісіне қосқан үлесі үшін» (2006ж.) және «Ы. Алтынсарин» (2012ж.) атындағы марапатталды. Отбасында балаларына қамқор әке, отанасына өнегелі отаға бола білді.
Сайранбек Мақсотұлының жарқын бейнесі әріптес- теріміздің, білім алған шәкірттерінің есінде мәңгі сақталады. Жатқан жері жарық топырағы торқа болсын!
А. Әйтімов,
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің құрылтайшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің иегері», ҚР Ұлттық инженерлік ғылым академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, ҚР маслихаттарының құрметті депутаты, академик
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу