8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2018 1953 0
Қоғам

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДА ҚОНАҚТА

Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз қыс» азаматтық қорғау айлығы аясында іс-шаралар жалғасуда.

    

Азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы білімді насихаттау мақсатында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы білім беру мекемелерінде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік қағидалары, үсік шалған кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету және қысқы балық аулауды жүргізу қағидалары бойынша ашық сабақтар өткізеді. Осындай іс-шараның бірі – БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында өткізілген Ашық есік күні.

№20 орта білім беру мектебінің 8 және 9 сынып оқушылары жасақтың оқу-жаттығу базасында болды.

Экскурсия барысында құтқарушылардың жұмыстары туралы мәлімет айтылып, арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдықтарын, жоғары өтімді авариялық-құтқару автомобильдері көрсетілді.

Ашық есік күніне қатысушылар тыныс алуға қиын ортада және зақымданған аймақта құтқарушылардың қызметте қолданатын тері жабындары мен тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарының заманауи түрлерімен танысты. Полигонда кинологиялық қызметтің «Марри» атты лабрадор ретриверімен өткізілген жаттығуға куә болды. Сонымен қатар оқушыларға шартты зардап шеккендерді биік ғимараттардан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу, альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жетуі қиын жерлерден шығару бойынша практикалық дағдыларды көрсетті.

Ашық есік күні әңгімелесу түрінде өтті. Балалар қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына да жауап алды. Оларды Жедел-құтқару жасағының тарихы, құтқарушылардың күнделікті өмірлері, авариялық-құтқару құралдарын және арнайы техникаларды қолданулары қызықтырды. Ашық есік күні соңында балалар өздерінің ойларымен бөлісіп, құтқарушылармен жиі кездесуге келіп тұруға келісті.

А.ҚОЖАНБАЕВА, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»