8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2018 1990 0
Дені сау ұлт

ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ САЙ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылдың басынан бастап  денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасы қалыптастырылды. Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы 51 медициналық ұйыммен, оның ішінде 36 мемлекеттік және 15 жеке медициналық ұйымдармен медициналық қызметтерді жеткізу жөнінде келісімшарттарға қол қойды. Облысымызда жеке медициналық ұйымдар тарапынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша  медициналық қызмет көрсетуге деген қызығушылық күн санап артып келе жатқанын  атап өткен жөн.

– «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 1-ші желтоқсанына халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 24,3 млрд. теңге төледі. Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде БҚО бойынша медициналық мекемелермен бекітілген келісімшарт сомасының 81 пайызы, – дейді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының  директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры»  кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы облыс бойынша 30,1 млрд. теңгені құрады.

– Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің шығындарын өтеуге жеткілікті, – деді Н.Жұмағұлова.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қағидаттарының ең маңыздысы – пациенттің жағдайын жасау.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

P.S. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының байланыс телефондары: + 7 (7112) 932045, + 7 (7112) 932043.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»