КРУГЛООЗЕРНЫЙ АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «ҮМІТ» БӨЛМЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Круглоозерный арнаулы қызмет көрсету орталығында бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектер тұрады. Биыл мекеме мамандарының кабинеттері үлкен әрі жарық орынға көшіріліп, қызмет алушылардың тұратын ғимараттары күрделі жөңдеуден өтті.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Клуб, кітапхана, спорт залдарын әрбір қызмет алушы пайдаланады. 2010 жылдан бастап орталықта сегіз бағытта қызмет алушыларды әлеуметтік оңалтумен айналысуға штаттар – әлеуметтік мамандар, психологтар, дене тәрбиесінің маманы, дефектолог, ән мұғалімдері, кітапханашы, еңбек нұсқаушылары жұмыс жасауда. Қуантарлық жағдай, биыл орталық басшысы Мұрат Болатұлының бастамасымен «Цифрлық ақпарат» және «Үміт» бөлмелері ашылды. Бұл орталық үшін өте маңызды.
Цифрлық ақпарат бөлмесі – орталықта көрсетіліп жатқан сегіз бағыттағы әлеуметтік қызмет түрлерін қабырғада слайд арқылы көрсетіп, қызмет алушылардың туыстарына олардың жағдайларының жақсарғандықтарын көрсету, жағымсыз ойлардан арылту мақсатында ашылды.
«Үміт» бөлмесін ашудағы мақсатымыз – әр қызмет алушының бойындағы үміт отын өшірмей, алға ұмтылуына жағдай жасау. Мұнда қызмет алушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуі, әр маманмен жеке және топтық қарым-қатынас жасауы үшін толық мүмкіндіктер жасалды.
Қызмет алушыларды еңбекке баулу, әлеуметтік іс-шараларға араластыру, тоқыма ісін үйретіп, кітапханаға апару қызметтері ұйымдастырылып келеді. Мәдени шараларға шамасы жететіндердің бәрі бірдей атсалысады. Әлеуметтік емдеу-сауықтыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйіне, жеке қажеттіліктеріне қарай жүргізіледі. Осы мақсатта орталықтағы қызмет алушыларға салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Яғни шахмат, дойбы, әр түрлі ойындар ойнауға доптар, теннис ойнау үшін қажетті құралдар, велотренажер, жүгіру жолағы, спорттық киімдер алынды. Спортпен айналысуларына дене шынықтыру мұғалімі жәрдемдеседі. Мүгедектер арасында түрлі жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Психолог мамандары қызмет алушыларға психологиялық әңгімелер жүргізіп, олардың мәселелерін талқылайды, қолдау көрсетіп, белсенділікке ынталандырады. Топтық тренингтер өткізеді. Сенсорлық бөлмеде әуен терапиясы әдісімен босаңсыту демалысы, медитация және релаксациялық жаттығулар жүргізеді.
Еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында орталықтағы қызмет алушыларға олардың жеке қажеттіліктеріне қарай жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалды.
Орталықта әр қызмет алушы сүйікті ісімен айналысады. Олардың демалуларына толық мүмкіндік жасалған.
Ш.Карағойшиева, арнайы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу