8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2018 2230 0
Қалалықтар қаперіне

ФУЛФИЛМЕНТ ОРТАЛЫҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Индустрияландыру күнінде Елбасына «Қазпоштаның» фулфилмент-орталықтары таныстырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір режимінде Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы фулфилмент-орталықтарды іске қосты. Олар Қазақстан аумағында электрондық коммерцияны дамытуға бағытталған жобалар қатарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде құрылған болатын.

Интернет-дүкендерге тапсырысты рәсімдеу, сәлемдемелерді сақтау, өңдеу және сатып алушыларға жеткізу бойынша қызметтер кешенін көрсететін орталықтардың жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. сәлемдеме. Күтілетін экономикалық нәтижесі – жылына 3,6 млрд. теңге. Бүгінде Алматы мен Астанадағы фулфилмент-орталықтарында 50-ден астам интернет-дүкенге қызмет көрсетіледі. Олар логистикаға, қойма жалдауға, персонал жалдауға жұмсалатын өз шығындарын және басқа да шығындарды азайтты, сондай-ақ фулфилмент-орталықтарына тауарларды орналастыру арқылы жеткізу мерзімдерін қысқартты.

«Қазпошта» АҚ Баспасөз қызметкері Сәуле Мұқашеваның мәліметінше, 2017 жылы Қазпошта пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желіні іске қосты, оның қуаттылығы тәулігіне 120 мың сәлемдемеге дейін жетеді. 2018 жылы электрондық коммерция орталықтарында шамамен 2 000 шағын және орта бизнес өкілі оқыды. Электрондық коммерция нарығында 42 мың жұмыс орны құрылды. Осылайша, елімізде электрондық сауданы дамытуға арналған инфрақұрылым толықтай қалыптасты.

Сондай-ақ Елбасына ауылдық елдімекен тұрғындары үшін әзірленген «әмбебап агент» таныстырылды. Бұл кабинадан Қазпошта клиенттері пошта байланысы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласында және ХҚКО-да онлайн режимде қызметтер ала алады.

Көрмеде көрсетілген дрондар шалғайдағы елді мекендерге мерзімді баспа басылымдарын жеткізуге арналған. Робот-пошташы – салмағы 20 келіге дейінгі жүктерді жеткізетін мобильді робот, ол «соңғы миля» мәселесін шешеді.

Pepper робот-консультант Робополис аумағындағы Робопост офисінде консультант ретінде пайдаланылады. Биометрия жүйесінің арқасында Pepper келушілерді сәйкестендіре алады және оларға Қазпошта қызметтері мен сервистері бойынша кеңес береді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»