Мамыр мерекелері қалай өтеді?
Кеше, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мамыр айына жоспарланған мерекелік шаралар туралы» брифинг өтті. Онда Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов шаһар тұрғындарына арналып 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылатынын айтты.
Яғни,
1, 7 және 9 мамыр мерекелік күндеріне орай, қала бойынша барлығы 50 астам іс-шара өтпек. Оның ішінде қайырымдылық шаралары, ауылшаруашылық көрмелері, ұлттық мәдени орталықтар көрмесі, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, мерекелік концерттер бар.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 30 сәуір сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін М.Ықсанов көшесінде, 1 мамыр күні 09.00-ден 13.00-ге дейін Жәңгір хан сауда үйі алдында мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі болады.
1 мамыр күні сағат 10.00- де Д.Нұрпейсова көшесіндегі арбатта 14 этнобірлестік өкілдері өздерінің қолөнер, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырады.
Дәл осы күні 11.00-де Абай алаңында облыстың үздік шығармашылық ұжымдары мен әртістері театрландырылған мерекелік концерт қояды.
13.00 және 20.00-де қалалық Мәдениет және демалыс саябағында жазғы маусымның ашылуына арналған өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өткізіледі.
Қаланың барлық аумақтарын қамту мақсатында 1 мамыр сағат 18.00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама М.Мөңкеұлы саябағында, Деркөл кенті саябағында, Тұңғыш Президент алаңында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күніне орай қала тұрғындары арасында бұқаралық жүгіру өтеді. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 30 жыл толмақ. Бұл шараны атап өту, сонымен қоса, жастарымыздың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 5 мамыр күні сағат 9.00-де П.Атоян стадионының алдында мектеп оқушыларының әскери саптық шеруі мен әскери техниканың көрмесі өтеді. Шара барысында құқық қорғау қызметкерлері, оқушылар алғыс хаттармен марапаттау рәсімі болады. 5 мамыр сағат 10.00-де Жастар мәдениет сарайында 7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне және М.Мәметованың 100 жылдығына орай, жасөспірімдер арасында «Даңқы өшпес ерлікке – мәңгілік құрмет» қалалық патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылады.
6 мамыр күні сағат 11.00-де 5517 әскери бөлімінде ашық есік күні жоспарланған. Әскери бөлімде қару жарақтармен техникалардан көрме қойылады.
7 мамыр күні сағат 10.00 –де Отан қорғаушылар күніне арналған қала тұрғындары арасында бұқаралық жүгіру өтеді. Шаған өзенінің оң жақ жағалауында болатын марафонға 500-ден астам адам қатысады.
Сондай-ақ 7 мамыр күні «Атамекен» өнер орталығында облыс басшылығының қатысуымен салтанатты шара болады.
9-мамыр – Жеңіс күні мерекесінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн.теңге көлемінде бір реттік көмек берілді. Облысымызда қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. Олардың 17-сі Орал қаласында тұрады. Сондай-ақ 6-9 мамыр күндері аралығында Орал қаласында ҰОС ардагерлеріне мекенжайлары бойынша құттықтау ұйымдастырылады.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесінде қаланың басты көшелері жабылмайды, «Жаужүрек полк» шеруі өтпейді. Орал қаласында соғысқа қатысқандарды еске алу үшін онлайн форматта бірыңғай https://qaharman1945.kz/ ақпарат платформасында өткізіледі. Платформада акцияға қатысушылар туралы бірыңғай деректер, сондай-ақ қазақстандық қатысушылар мен соғыс ардагерлері туралы мұрағаттағы ақпарат пен тарихи анықтамалар жүктеледі. Мұнда тұрғындар өз туыстары жайында ақпарат пен дерек қалдыруға болады.
9 мамыр күні сағат 8.30-9.00 аралығында «Батыр қыздар» ескерткішіне, Г.К.Жуковтың ескерткішіне, бауырластар зиратына, «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументіне, Т.Масин ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
9 мамыр күні сағат 9.00- 12.00 аралығында «Жеңіс» алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
9 мамыр күні сағат 11.00-де қалалық Мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт өтеді. Сол күні облыс,қала басшылығы ҰОС ардагерлерін үйлеріне барып құттықтайды.
1, 7 және 9 мамырға арналған барлық мерекелік іс-шаралар қала әкімдігіне қарасты әр селолық округ пен кенттерде де аталатын болады.
Жеңіс алаңы, Абай алаңы және қала көшелері 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай безендіріледі.
Өз тілшіміз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу