8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2022 1684 0
Дені сау ұлт

«Ауруды ұзақ емдеуге тура келеді»: Шымкентте белгісіз вирус тарады

Шымкент тұрғындары арасында белгісіз вирус тарады. Ауырғандар арасында ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен, тамақтары ауырмайды және температура көтерілмеген. Керісінше жөтел қысып, ентігу пайда болған, әрі буын ауруына шағымданған.

Шынар Оразова соңғы айда осымен екінші рет ауырған. Әйелдің сөзінше, суық су ішпеген, суықта жүрмеген. Алайда екі рет те ауру белгілері бірдей болған.

«Бастапқыда мұрын көгеріп тұрды, кейін тамағыма ауысты. Ақылы медициналық орталыққа бардым. Ол жақта маған ЖРВИ екенін айтып, дәрі-дәрмек жазып берді. Қазір емделіп жатырмын», –  дейді Шымкент тұрғыны.

Осындай ауру белгілеріне жүздеген қала тұрғыны шағымданған. Мамандар вирустың жұқпалы екенін айтады. Тек ақпан мен наурыз айларында 7 962 ЖРВИ жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе еге көп дейді дәрігерлер.

«ЖРВИ жұқтырғандардың 72,5% 14 жасқа толмаған балалар. 2021 жылы күзінен 2022 жылдың көктеміне дейін тұмаудың 16 жағдайы тіркелді, олардың 6-ы балалар», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанар Жақсылықова.

Шымкенттіктер ауруды ұзақ емдеуге тура келетін айтады. Дәрігерлер мұның ковид салдары болуы мүмкін екенін, яғни иммунитеттің әлсірегенін алға тартты.

«Бізде коронавирус инфекциясы кезінде бірінші кезекте ересектер мен егде жастағылар ауырды. 60-65 жастан асқан азаматтарда иммундық процесстер төмендейді», – дейді дәрігер-инфекционист Зарипа Оспанова.

Stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
29 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
127 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
196 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
235 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»