8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2022 1651 0
Қалалықтар қаперіне

ШАЛҒЫНДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

       Өткен жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Қиындықта ел бірге» арнайы қайырымдылық жобасы құрылған болатын. Биылғы қыста қардың мол түсуінен, сәуір айы басталғалы күн райының күрт жылынуына байланысты Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Шалғын ауылын су басты.

     Қысылтаяң кезеңде  ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры  Қанат Қыдырмин, Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы, наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Самат Алибаевтер өңір тұрғындарына  қолдау көрсетуге арнайы барды.

Қанат Коянбекұлы Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, суға кеткен нысандарды аралап, ауыл тұрғандарымен жүздесіп, елді сабырлыққа шақырды. Ауылдың 60-қа тарта жасөспірім балаларына  Рамазан  сыйлығын  тарту  етті.  Елдің өтініші бойынша 500 000 теңге көлеміндегі қаражатқа көрпе төсеніштерін алып берді.  Ауыл тұрғындары  Бас мүфтидің бұл бастамасына ризашылығын жеткізіп, Шалғын ауылы тұрғындары  атынан алғысын білдірді.

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
302 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
322 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
301 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»