8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2022 2369 0
Қоғам

«ТЕҢ ҚОҒАМДАҒЫ» ҒИБРАТТЫ ШАРА

Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында Рамазан айының басталуына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар мен БҚО Дін істер басқарамасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы оңалту бөлімінің басшысы, теолог Бағдат Адайхан, «Орал» орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсановтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін құлшылық айының амал-шарттары қандай? Садақа беру құны қалай өлшенеді? Теріс ағымдар ықпалы, ауыз бекіту мен ауыз ашу ережелері, ауыз ашар жасау, намаз оқу, дұрыс дәрет алу, бақсы-балгерлерге сенбеу осы және өзге де сауалдарға Ерденбек Жанұзақұлы мен Бағдат Қанатұлы жауап беріп, Оразаның мән-маңызын, қадір-қасиетін түсіндірді.

— Біле-білген адамға Рамазан айына жетудің өзі бір бақыт. Осыған жетіп тұрсақ,  Алланың парызын орындап қалу міндет. Ораза —  денсаулықтан берілетін садақа, мал-дүниеңіз көп болса, байлықтан берілетін садақа – зекет,  ақшаңыз көп болса – қажылық,  ақыл-есіңіз дұрыс болса намаз сізге парыз. Ал Абай атамыз «Ақылды адамға —  ғибадат парыз» деген. Бәрі бір-бірімен ұштасады, бір-бірімен тығыз байланысты, — деп ой өрбіткен  Ерденбек Жанұзақұлы жақсы сөз сөйлеу әдетке, әдет мінезге айналатынын жеткізді. Ал мінезің сенің тағдырың.

Наиб имам ғұламалардың ғибратты ойларымен сөзін сабақтастырып, әр адам өзін түзеуі,  өзін түзеу арқылы келешек ұрпаққа үлгі болудың жауапкершілігіне тоқталды.

— Біреудің  кемшілігін айту, жаман әрекетін теру дұрыс емес.  Әрқайсысымыз өзіміз үшін жауап береміз.

«Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен алыс өлгенше!» деп  Шәкәрім атамыз айтқандай, имандылық болмаса, арсыздық құртады адам баласын.

Мұсылман баласы үш нәрсені есінен шығармауы керек: Қандай киім кисең де, ең соңғы киетін киіміңді ұмытпа, ол – кебін, қандай көлік мінсең де, ең соңғы мінетін көлігіңді ұмытпа, ол – табыт. Ең соңғы тұратын үйіңді ұмытпа, ол – қабір. Осы үш нәрсені естен шығармай жүру, адам баласының адами болмысын сақтайды. Өркөкіректікпен тәкаппарланып, менменсіген адамдар туралы шайырымыз:

«Асқанды да көргенбіз,

Тасқанды да көргенбіз.

Асып-тасып болған соң,

Сасқанды да көргенбіз.

Өскенді де көргенбіз,

Бөскенді де көргенбіз.

Өсіп-бөсіп болған соң,

Өшкенді де көргенбіз.

Хан болсаң да,қара болсаң да,

Дүйім жұртқа дара болсаң да,

Адамдықты сақтайық» деп айтқан. Бізге ата-бабамыз, ғалым-ғұламаларымыз қаймағын шығарып, беріп кеткен. Соны бізге алқымнан жеткізіп, санаға түю ғана қалған. Бәрі дайын. Бірақ жастар кітап оқымайды. Ұстаздарымыз «Ғаламтор — әлемдегі ең үлкен қоқыс жәшігі» деп айтатын еді. Білім — ол кітапта. Ақсақалды ата боламыз, ақ самайлы әже боламыз сол уақытта өскелең ұрпағымызға,  ұл-қыздарымызға, шаңырағымыздағы немере-жиендерімізге, шөпшек-шөберелерімізге ұлағатты ой, қанатты сөз, ғибратты әңгіме, өсиетті айта білуіміз керек. Бата бере алмайтын ақсақалдар көп. Бата бер десең, тақпақ айтады.  Бата деген жүрекжарды сөз болуы керек, — деді Е.Жанұзақұлы.

Сақал қою, орамал тағу, миск иіссуды қолдану жайында қойылған сұрақтарға жауап берген дін маманы Бағдат Қанатұлы:

— Негізінде миск дінге қатысы жоқ нәрсе. Оның бір айырмашылығы құрамында спирт жоқ. Қарапайым иіссу. Оны тек уахабистер жағады деу қате түсінік. Оны мен де қолданамын. Оны елдің бәрі пайдаланады. Тек шектен тыс көп жақса, шынымен адамның басын ауыртады. Алайда дінге түк қатысы жоқ. Ал сақал дегеніміз еркектіктің белгісі.  «Сөздің көркі — мақал, ердің көркі — сақал, сөздерінде мақалы жоқ, иегінде сақалы жоқ — тек бәйбіше мен тоқал» деп Әйтеке би айтып кеткен.  Бірақ, уақытша сақал өсіріп алып, дінді жамылып терракт жасап, теріс ағымда жүрген адамдардың іс-әрекетінен сақалға деген керағар пікір қалыптасты. Орамал тағуды да жат ағымға балап, теріс ағымдардың ісі сияқты көрсетіп қойды. Оған да теріс ағымдағылар себепші,  — деп түсіндірді теолог.

Тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіп,  мүмкіндігі шектеулі жандар сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Осындай шара ұйымдастырған орталық қызметкерлеріне алғыс айтқан Ерденбек Жанұзақұлы қорытындылап: Отбастарыңызға амандық, береке берсін, екі дүниеде де жүздеріңіз жарқын болсын. Тек қана жақсы қуанышты жағдайда кездесейік. Биылғы жылғы оразадан келесі оразаға дейін бауырларымыз, ағайындарымыз, бала-шағаларымыз ауырмай-сырқамай, аман-есен жетуді бауырларымыз бүтін болған күйінде Алла баршамызға нәсіп етсін, деген бата-тілегін берді.

«Тең қоғам» әлеуметтік орталығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»