8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2022 1634 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тегін мәдени үйірмелер бойынша туындаған проблема туралы пікір білдірді.

«Бұл мәселе жұмыс істеп тұр. Тек 2-3 облыста ғана өтінімдердің көп келуінен проблема туындады. Үйірмеге қатысқысы келетіндердің саны жоспардағыдан көп болып шыққан. Бұл жерде мәселені шешудің бір жолы ғана бар. Біз қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз. Бағдарлама әрі қарай жұмыс істей береді», – деді

Оның мәліметі бойынша, аталған үйірмелерге бөлінуі тиіс қаражаттың нақты көлемі мен мерзімін жергілікті әкімдіктер есептеп, анықтайды.

«Мәселе қаржыда емес, тегін үйірме қызметін ұсынудың шарттарын реттеуге келіп тіреліп тұр. Үкімет отырысында айтқанымдай, құжатта бар, нақты өмірде жоқ жандар пайда болып жатыр. Сондықтан бұл мәселені жуық арада шешуіміз керек. Бүгінге дейін бұл бағдарламаның мүмкіндігін 500 мың бала пайдаланып үлгерген. Меніңше, бұл тамаша көрсеткіш. Яғни, тегін үйірмелер жабылмайды», – деді Дәурен Абаев.

Сымбат Қыпшақбай

сурет мұрағаттан алынды

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
123 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
192 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
232 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»