8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2022 3834 0
Дені сау ұлт

ШАҢҒЫ ТЕУІП ШЫҢДАЛДЫ

Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында. Нақ сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Салауатты өмір салтын жеке құрам арасында насихаттауды басты бағдар ұстанған «Динамо» қоғамы  мен  қалалық басқарма бірнеше жарыстар, спартакиадалар ұйымдастырып келеді.  Осы сөзіміздің дәлеліндей, 22 ақпанда Орал қаласындағы «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының шаңғы базасында  шаңғымен сырғанаудан жарыс өтті. Бұл күні ауа-райы да аяғына шаңғы байлаған спортшыларға  өз сыйын арнап, аянып қалмады. Ертемен спортшылар ентелей  базаға жетті, аяқтарына шақтап майланып-сайланып сымдай тізілген  шаңғыларды байлады. Жүлдегер атағын жеңіп алуға ынталанған Орал қ.ПБ  құрылымдық бөлімшелерінен  жасақталған, мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің командалары, өзге де командалар, барлығы 6 команда қатысты. Әр команданың құрамында 5 спортшыдан болды.

Шаңғыдан жарыс басталды. Жеке құрам арасында спортты насихаттау, тәртіп сақшыларының дене шынықтыруға ден қойып, қызметпен қатар спортты да бірге алып жүрулерін насихаттауға арналған жарыста әр команда жарысып бақты. Ерекше қызығушылық танытып, жеңіске ұмтылыстарын байқатты. Бұл күні төңіректегі үй тұрғындары мен қалалықтар базаға жиналып қар үстімен зулаған спортшылардың шеберліктерін тамашалады. Әсіресе, жарыс барысында Орал қ.ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкинова,  басқарманың инспекторы, полиция майоры  Айдын Есполов,  жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Анаргүл Рахметқали және Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальонының екі қызметкері белсенділік танытты. Орал қ.ІІБ қызметкері А.Рахметқали  2 километр 500 метр қашықтықты еңсеріп,  үздік көрсеткішке ие болды.

Жас маман, талапшыл спортшы Анаргүл қарсыластарынан  басым болып, жеңімпаз атанып,  екінші орынмен марапатталды. Басқарма командалық есеппен де екінші орын иеленді.

Басым командалар мен жекелей сындағылардың барлығына «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының атынан бағалы сыйлықтар мен грамоталар тапсырылды.

Орал қ.ПБ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»