111 ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ ҚАЙДА ЖҮР?
24-ақпан күні Орал қаласы әкімдігінде шаhар әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық бойынша отырыс өтті. Жиында Мирболат Сағынғалиұлы Ресей Федерациясының Қорғаныс істері министрлігінің ІІІ дәрежелі «Әскери ерлігі үшін» медалімен Әлібек Ізбасқановты, «Ауған соғысының ардагері» белгісімен Нұрлан Өтегеновті марапаттап, жуырда өткен мерекелерімен құттықтады.
Отырыста алғашқы боп Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Руслан Дәутеміров өткен жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстың есебін баяндады.
2021 жылғы көктемгі және күзгі шақырылымда Қазақстан қарулы күштер қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 225 азаматты әскерге шақыру жоспарланған. Алайда, 196 сарбаз әскер қатарына шақырылып, көрсеткіш 87,1 пайызды құраған. Қазіргі таңда 111 әскерге шақырылушы іздеуде жүрсе, 593 азамат әлі күнге дейін әскери есептен алынбаған.
Руслан Махмұтұлы баяндамасында қазіргі таңдағы негізгі мәселелерді атап көрсетті.
– Әскерге шақыру бірнеше кезеңді қамтиды. Бір сөзбен айтсақ, кешенді іс-шара негізінде жүзеге асады. Қазіргі таңда толық қажеттілікті өтей алмай отырмыз. Осы орайда біраз қиындық бар. Біріншіден, әскерге шақырылушылардың тұрақты мекенжайының болмауы. Олардың өзге қалаларға қоныс аударуына қатысты мәселелер көп. Егер азаматтар қоныс аударған жағдайда, тұрғылықты мекенжайы бойынша қайтадан әскери есепке тұрға міндетті. Екіншіден, әскери шақыру қағазын ескерусіз қалдыратындар саны көбейді. Мұндай жағдайда әскери қызметке шақырудан бас тартқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ұмытпаған жөн, – деді.
196 сарбаз әскерге барған
Осы тұста Мирболат Сағынғалиұлы ата-аналармен түсінік жұмыстарын жиі жүргізу қажет екенін жеткізді.
– Өткен жылы қаламыздан 196 сарбаз әскерге аттанған. Бұл нәтиже әлі де қанағаттанарлықсыз. Қазіргі кезде әскерге барушылар қатарының сиреп кетуінің бірнеше себебі бар. Көп жағдайда ата-аналар балаларының әскерге баруына қарсылық танытып жатады. Осы бағытта бірінші кезекте ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізген абзал. Әскерге барудың артықшылығы көп. Адамды физикалық, моральдық, психологиялық жағынан көп нәрсеге дайындайды. Осыны ата-анаға да, жас сарбазға да түсіндіре білуіміз керек. Бұл үшін біз аға буын өкілдерімен бірлесе отырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізетін ерікті топ құру қажет. Сондай-ақ, шақыру қағазын мекенжай бойынша апарған кезде шақырылушының дәл осы уақытта қайда тұратынын нақтылауды жүйеге салу қажет, – деді қала әкімінің орынбасары.
Патриоттар азайған
Жиын барысында Ауған-тәжік, Таулы Қарабақ қақтығыстарының ардагерлері елді қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екеніне бей-жай қарап, әскерге барамын деген жастардың азайып кеткенін алға тартты. Сондықтан олар патриоттық тәрбиені мектеп жасынан бастап санаға сіңіру қажеттігін айтып, ойларын ортаға салды.
Орал қаласы және оның аумағындағы кент пен селолық округтерде көктемгі науқанға жүйелі жұмыстар жүргізу үшін қала әкімінің орынбасары нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақарыс Әйіптегі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу