8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Желтоқсан 2018 2616 0
Жалын

ОҚУШЫЛАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Қала мектептері оқушылары арасында жарияланған «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы шығармалар байқауы мәресіне жетті.

Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Нұрлыгүл Кадырбекованың хабарлауынша байқау қараша айында жарияланған. Комиссия қарауына 3-4 сынып оқушыларынан 50-ге тарта жұмыс түскен. Нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстану туралы ұтымды ой-пікірін  қағаз бетіне түсірген №1 орта мектептің 3 «а» сынып оқушысы Ажар Абайқызының шығармасы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынды №17 орта мектептің 3 «б» сынып оқушысы Валентина Свириденко мен №34 мектеп-гимназиясының 4 «б» сынып оқушысы Айкөркем Нұржан бөліссе, үшінші орынға №3 орта мектептің 3 «б» сынып оқушысы  Алина Сивец, №13 орта мектептің 3 «б» сынып оқушысы  Екатерина Гергей, № 7 орта мектептің 4 «г» сынып оқушысы Темирлан Байарстанов, №17 орта  мектептің 3 «в» сынып оқушысы Вероника Синделеева және №44 мектеп-гимназиясының 3 «д» сынып оқушысы Алтынай Ерлан ие болды.

Жүлдегерлер Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

dav

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»