8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2021 2541 0
Қалалықтар қаперіне

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

Шаһар тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа қоқыс контейнерлері мен қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті болдырмау мақсатында қоқыс алаңдары маңына бейнебақылау камералары орнатылуда.

Қазіргі таңда қала бойынша 50 жаңа қоқыс алаңдары мен бейнекамералар орнату жұмыстары жүріп жатыр. Орал қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының бас маманы Мержан Шамуровтың мәліметінше, қоқыс алаңдарына камералардың орнатылуы алдымен заңсыз қоқыс тастаудың алдын алуға көп көмегін тигізбек.
–Биылғы жоспарға сәйкес, қаламыздағы көп қабатты үйлердің аумағына 50 жаңа қоқыс жәшіктеріне арналған алаң және 50 камера орнату көзделіп отыр. Пәтер тұрғындарына арналған қоқыс алаңдарына көп жағдайда үлкен жүк көліктері келіп қоқыстарын тастап, шашып кетеді. Осыдан кейін тұрғындардан көптеген наразылық туындайды. Осы мақсатта бейнекамералар орнату жұмыстары жүруде. Алдағы жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады, – деді.                                                                                                                                              Бейнекамералардағы жазбалар аталмыш бөлімдегі мәліметтер базасының серверінде жазылады. Егер заң бұзушылық орын алған жағдайда тиісті мәліметтер жергілікті полиция қызметіне жолданады.
Биыл қала бойынша санитарлық тазалау жұмыстарын жақсарту мақсатында 1000 дана қоқыс жәшігі сатып алынып, орнатылды. 2022 жылы дәл осы бағытта атқарылатын жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»