8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2018 3583 0
Қоғам

ОРАЛДА ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында жазушы, композитор Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен қоғам қайраткерінің кешіне БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы, зиялы қауым өкілдері, өнер сүйер тыңдарман жиналды.

Ақын, жазушы, сазгер, журналист Әкім Ысқақ «Қазағым – халқым», «Көк тудың желбірегені» сынды патриоттық әндердің авторы ретінде көпшілікке жақсы таныс. Кеш барысында ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері орындады. Ел-жұртты рухтандырар өлеңдері оқылды.

Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Ақ Жайық жұртшылығы атынан кеш иесіне толағай табыстар тілеп, ықылас гүлін тарту етті.

Кешті ақынның өзі қорытындылап, Батыс өңіріне келу арманы болғанын айтып, тұғырлы Тəуелсіздігіміз жолындағы еңбектерімен бөлісіп, бірлігі бекем, ынтымағы мығым, ырысы мол елге амандық қана тіледі.

Әкім Ысқақтың Ақ Жайық өңіріндегі кеші жоғары деңгейде өтті.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»