30 Қараша 2018 3943 0
Қалалықтар қаперінеҰРШЫҚ ИІРУДІ ҮЙРЕНГІҢІЗ КЕЛСЕ…
2 желтоқсан күні сағат 15.00 Орал қаласындағы «Алем плаза» сауда орталығының 4 қабатында ҰРШЫҚ ИІРУДЕН флеш-моб болады.

Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры шараны қолдауға шақырады. Шара аясында ұршық иіруден шеберлік сағаты өтеді.
Сонау замандардан көненің көзіндей боп жеткен мұраны көздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпақ арасында насихаттау бүгінге парыз. Өйткені, бұл өнер түрі мәдениеті дамымаған кезеңдерде-ақ өз өміршеңдігін дәлелдеп қойған. Мәселен, тарих беттеріндегі деректерде ел аумағында бұл дүниені шаруашылықта пайдалану неолит заманынан бастау алады екен. Тіпті, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған оның қалдықтары да көптеп табылған. Ал, тарихшы мамандардың айтуынша, ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланылған көрінеді. Демек, бұл біз көріп жүрген дүниенің тарихы тереңде жатқандығын аңғартады.
Қазіргі таңда тоқыма өндірісі жедел дамып, түрлі техникалар іске қосылғанымен, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған кей ауылдарда қарапайым ұршықтың дәурені әлі де өте қоймағандығын мойындаған жөн. Себебі, бұл асыл мұра қашанда өз өміршеңдігін жоймақ емес.
Ұлттық қолөнерді қолдайық, ағайын!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
37 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
120 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
150 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
459 0

Кіру
Пікір үстеу