8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2018 2282 0
Қоғам

БҚО-ДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  салатанатты шара өтті.

Аталмыш шарада құттықтау сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов жиналғандарды осынау мерекемен құттықтап, шынайы  лебізін білдірді.

– Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, 27 жыл ішінде әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатынымызды паш еттік. Осындай игі істерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. БаршаңыздыҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Халқымыз бай-қуатты, елін жарқын болашаққа жетелеген Елбасымыз аман болсын! Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болғай!, – деді облыс әкімі.


Шарада бірқатар батысқазақстандық республика мен өңірдің дамуына елеулі үлес қөосқаны үшін мерекелік медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар, Х. Бөкеева атындағы драма театрында Елбасының өмірбаяны мен Батыс Қазақстан облысына жасаған іс-сапары бейнелейтін кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»