КӘСІПОДАҚТАР – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні. Осы мерекеге орай Оралда салтанатты шара ұйымдастырылды.
Кәсіподақтар – өз қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы, еңбек заңдылықтарының сақталуымен қатар салауатты өмір салтын насихаттайтын, олардың демалыстарын тиімді ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдардың бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кәсіподақ Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі деп атаған болатын. Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған әлеуметтік бастамалар мен өзекті міндеттерді жүзеге асыру – әрқайсымыз үшін маңызды. Кәсіподақтар әрқашан азаматтық қоғамның негізгі тіректерінің бірі болып қала береді.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысушыларды кәсіподақтар күнімен құттықтады. Қазіргі уақытта қызметкерлерді лайықты еңбекпен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қоғамның басты мақсаты екенін атады.
– Осы бағытта кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушілермен кез-келген еңбек ұжымдарындағы дауларды сыртқа шығармай, олардың алдын алу бағытында қызмет етіп, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытында біркелкі жұмыстарын жүргізіп келеді. Еліміздегі ҚР кәсіподақтарының Федерациясы қазіргі кезде кәсіподақ ұйымдарының саны, қызмет сапасы жағынан да еліміздегі еңбеккерлердің өкілді ұйымдарының бірі болып отыр, – деді Б.Нарымбетов.
Бүгінде Кәсіподақтар Федерациясы 23 ірі салалық кәсіподақтар мен 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері құрылып, қатарына 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отыр. Облысымызда 73 мың адам осы қозғалыстың белді мүшесі атанған. Жиын барысында көпке үлгі болған жандар облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Алғыс хаттымен марапатталды. Олардың қатарында «Батыс су арнасы» ЖШС абонентті-шартттық бөлімнің басшысы Нәсіп Мәмбетова, «Жайық Таза Қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев, №2 қалалық емхананың медициналық мұрағатшысы Раиса Каргиева және №37 орта мектептің директоры Тамара Мұрадымова бар.
«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Айдар Батырханов Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен, Қазпошта акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы филиалының қаржы экономикалық секторының басшысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Толқын Керімова «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру

Пікір үстеу