ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұстаздар күні мерекесіне орай бүгін, 1 қазан күні «Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты…» атты мерекелік шара өтті. Қала әкімі Абат Шыныбеков педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, озық тәжірибелі педагогтерді марапаттады.
Жастар мәденет үйінде өткен шара сала ардагерлеріне құрмет көрсетуден бастау алды. Ардагер-ұстаздарға гүл шоқтары ұсынылып, олар қызыл кілеммен жүріп өтті.
Мерекелік салтанатты жиын «Қазақ даласындағы білім жолы…» қойылымымен ашылды.
Қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтау лебізінде ардагер-ұстаздар мен олардың салған сара жолын жалғастырушы бүгінгі педагогтардың ел болашағын тәрбиелеудегі рөліне ерекше тоқталды.
– «Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулетшісі» деп бекер айтылмаған. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де тәрбиелейтін, білім беріп өсіретін сіздер. Сондықтан ұстаздардың қоғамдағы рөлі жоғары және өркениеттің дамуына сәйкес бұдан да зор мәртебеге ие екенін бәріміз білеміз. Қандай заман болмасын әр азамат үшін білім алу маңызды екені сөзсіз. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінді мейірімге бөлеп, тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуына, өмірде өз орнын табуына негіз қалайтын өздеріңіз. Ұстаздарымыздың еңбегі әрқашан өлшеусіз терең, барлық адамзат бұл өмірге әкелген ата-анасына басын иіп өтсе, әріп танытып, тұлға ретінде қалыптастырған ұстазына мәңгі қарыздар деген ойдамын. Бүгінде мемлекеттің тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың ерекшелігі өздеріңізге мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына, жаңа ұрпаққа жаңаша бағытта білім беру сапасын арттыруға бағытталған міндеттер ауқымды. Заман өзгеріп, жаңа технологиялардың енгізілуімен ұстаздарымыздың қызметі күрделене түсті. Қала мектептерінде оқитын 55 мыңнан астам оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етіп келеді. Үздіксіз ізденіс, жан-жақты шеберлікпен берілген білім нәтижесін шәкірттеріміз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларда жетістіктерімен көрсетті. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыздың көрсеткіші. Қадірлі ұстаздар, осы төл мерекеде сіздерге денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеп, шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін демекпін, – деген Абат Абайұлы ұстаздар мәртебесін биіктетуде, оқушыларға білім беруде бекітілген мемлекеттік бағдарламалар лайықты түрде орындалып, жеткізілетінін айтты. Сондай-ақ «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлеріне алғыс хат пен сертификаттар табыс етті.
Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген «Орал қаласының Құрметті педагогі» байқауының нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдерге 100 мың теңгелік сертификат берілді. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін салада 29 жылдық еңбек өтілі бар, көптеген дарынды шәкірттердің жетекшісі, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнара Шоламбаеваға «Орал қаласының Құрметті педагогі» төсбелгісі мен куәлігі және 300 АЕК (875 100 теңге) көлемінде сыйақы берілді.
Бір топ білім саласы қызметкерлеріне Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының тарапынан «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді.
Сонымен қатар республикалық «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңінің жүлдегерлері, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында оздырылған байқау нәтижесіне сәйкес білім беру саласын дамытуға мол үлес қосқан, педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізген педагогтер марапатталды.
Шарада қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары мен жас мамандар, шәкірттер өнер көрсетті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу